«Екі итті талап тастады»: Астананың іргесіндегі ауылға жолбарыс шапқаны туралы видео жарияланды

0
133

​Оқиға елордадан 25 шақырым жердегі ауылда болды.


«Екі итті талап тастады»: Астананың іргесіндегі ауылға жолбарыс шапқаны туралы видео жарияланды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астананың іргесінде 25 шақырым жерде орналасқан Рождественка ауылына жолбарыс шапқаны туралы видео жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видео авторының айтуынша, жолбарыс жер үйлердің бірінің ауласына кіріп, екі итті жеп қойған.

«Жолбарысты атып өлтірдік. Қораға кіріп кетіпті. Алдымен екі итті жеп қойды. Одан кейін қорадағы қорада тұрған тайыншаға шапқан. Артынша шатырға шығып алды. Инспектор келгенде қолын тістеп алды. Жолбарысты өлтіруге мәжбүр болдық», - дейді видео авторы Арман Даниель.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде 2025 жылы жолбарыс саны көбейетіні туралы хабарланған. Қазақстан көршілес Ресейден төрт жолбарыс әкелуді жоспарлап отыр.