Қазіргі кезде бұл дерекке қатысы бар адамдар тобын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады», - делінген прокуратура хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.