Барлық қабылданған шараға қарамастан, температураның төмендеуі байқалған мектептерде конвекторлық жылыту орнату туралы шешім қабылданған болатын.
ERNUR.KZ Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзда жедел штаб отырысын өткізіп, қала мектептеріндегі жылу режимін тексерді, деп жазады Sputnik.kz.
Барлық қабылданған шараға қарамастан, температураның төмендеуі байқалған мектептерде конвекторлық жылыту орнату туралы шешім қабылданған болатын.
Өткен аптада Екібастұз қаласының 13 білім беру мекемесінде, оның ішінде тоғыз мектеп, екі колледж және бір жатақханада "Коузи" энергия үнемдейтін конвектор батареялары орнатылды. Бүгінде бұл мекемелердің оқу кабинеттері мен басқа да бөлмелеріндегі температура 23-25 градусқа дейін жетеді. Мектептер қалыпты жұмыс істеп тұр.
Аймақ басшысы Екібастұз қаласын жылумен қамту жағдайын бақылауда ұстап, Екібастұз ЖЭО-сының тұрақты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.