​Екібастұзда әділдік іздеген әйел мұнараға шығып кетті

0
508

2022 жылдың қаңтарында қаладағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған жаппай төбелеске 49 жастағы әйелдің ұлдары қатысқан.


​Екібастұзда әділдік іздеген әйел мұнараға шығып кетті

ERNUR.KZ. Екібастұзда мұнараға шығып отырған әйел жедел жәрдемге тапсырылды. Ол кінәлі тұлғалардың қылымыстық жауапқа тартылуын талап еткен, деп жазады pavlodarnews.kz.

ҚР ІІМ Telegram каналының мәліметінше, Екібастұз полиция бөліміне Энергетиктер көшесінің жанындағы мұнараға әйел адам көтеріліп, Instgram желісінде тікелей эфир жүргізіп отырғаны туралы хабарлама түскен.

"Келіссөздерден кейін әйел мұнарадан түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы кезекші бөлімінің бастығы Нұрғазы Жәмшитов.

2022 жылдың қаңтарында қаладағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған жаппай төбелеске 49 жастағы әйелдің ұлдары қатысқан. Ағайындылардың бірі қарсыластарының бірін өлтірген. Қазіргі таңда ол кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр.





Ал екі ағайынды оқиғаның құрбаны болды. Оларды жәбірлегендерге қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, жеке әкімшілік өндіріске бөлінді. Қала прокуратурасы шешіммен келіскен.

Бұл шешіммен келіспеген әйел мұнараға шығып, кінәлілердің қылымыстық жауапқа тартылуын талап етті.