Студенттерді вакцина алуға ынталандыру үшін университеттер арнайы іс-шараларды іске асырып жатыр.
ERNUR.KZ. Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің 93,1% коронавирусқа қарсы вакцина алғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz.
«9 тамыздағы жағдай бойынша, білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1%-ы және басқа қызметкерлердің 88,4%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алды», – деді министр.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, студенттерді вакцина алуға ынталандыру үшін университеттер арнайы іс-шараларды іске асырып жатыр.
«Оқу ақысын төмендету, ақысыз курс ұйымдастыру, бағалы сыйлық беру сияқты бастамалар университеттерде кеңінен қолданылуда», – деді Асхат Аймағамбетов.