Елде жұмыртқа арзандап жатыр - Сауда комитеті

0
170

​​Бұл тауар халықтың рационындағы негізгі тауарлардың бірі болып табылады.


Елде жұмыртқа арзандап жатыр - Сауда комитеті

ERNUR.KZ. Республика бойынша жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақты деңгейі сақталып отыр, деп жазады sputnik.kz.

Бірнеше тауар санаты бойынша бағаның тұрақты төмендеуі тіркелген.
"Мәселен, биылғы жылдың басынан бастап жұмыртқа бағасы 3,0%-ға төмендеді. Бұл тауар халықтың рационындағы негізгі тауарлардың бірі және оның тұрақты баға динамикасы үкімет пен бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, биылғы жылдың ақпан айында сауда және интеграция министрлігі, салалық қауымдастықтар және сауда желілерінің өкілдері арасында меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес С1 санатындағы жұмыртқаның ең жоғарғы сату бағасы ҚҚС есебімен бір данасына 55 теңгеден аспайтын көлемде белгіленді.
Осы шаралардың арқасында сәуір айында жұмыртқа бағасының индексі тұрақты болып қалды, ал соңғы аптаның қорытындысы бойынша (8-15 сәуір аралығында) баға өзгермеді. Мысалы, 2025 жылдың қаңтар айында С1 санатындағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 548 теңгені, ақпанда — 546 теңгені, наурызда — 536 теңгені, ал сәуірде — 531 теңгені құрады.
Сонымен қатар, мына тауарлар арзандаған:
Күріш - жыл басынан бері 4,7%-ға;
Ұн - 1,8%;
Қарақұмық жармасы - 0,3%.
Сүзбе, күнбағыс майы және "рожки" сияқты маңызды өнімдердің тұрақты бағасы байқалады — соңғы аптаның қорытындысы бойынша баға индекстері өзгеріссіз қалды немесе 0,1% шамалы ауытқуды көрсетті.
Сонымен қатар, көкөніс бағасының орташа өсуі байқалады:
қырыққабат-3,5%;
сәбіз — 1,6%;
пияз — 1,8%;
картоп-1,7%.
Сауда комитетінің мәліметінше, көкөніс тобындағы бағаның өсуі маусымдық кезеңге байланысты. Әдетте маусымаралық сақтау мен логистика шығындарының артуына орай көкөніс бағасында өзгерістер болады.