Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9%-ке артқан.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Ұлттық ститстика бюросы елде тіркелген автокөліктер бойынша дерек жариялады, деп жазады sputnik.kz.
2025 жылдың мамырында республика бойынша 128,1 мың автокөлік есепке қойылды.
Оның ішінде:
жеңіл автомобильдер – 113 мың бірлік;
жүк автомобильдері – 8 мың бірлік;
автобустар – 1,4 мың бірлік;
мототранспорт – 5,7 мың бірлік.
Былтырғы мамыр айымен салыстырғанда бензинмен жүретін автокөліктер саны 15,3%-ке, дизель отынымен жүретіндер 13,9%-ке, газбен жүретіндер 36,2%-ке, аралас отынмен жүретіндер 9,3%-ке өскен. Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9%-ке артқан.
2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6,3 миллионға жетіп отыр.