Елді шулатқан зорлау ісі қайта қаралатын болды

0
1 079

Үкім бойынша, бірінші инстанциядағы соттың шешімі алынып тасталды.


Елді шулатқан зорлау ісі қайта қаралатын болды

ERNUR.KZ. Қостанай облыстық соты "Тальгодағы" зорлау ісіне қатысты апелляциялық шағымды қайта қарап шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Судья Асламбек Мерғалиев үкімді оқыды. Үкім бойынша, бірінші инстанциядағы соттың шешімі алынып тасталды. Сондықтан іс қайтадан прокуратураға жолданды.


Айта кетейік, апелляциялық сот отырысы жабық тәртіпте өтті.

Еске салайық, бұл оқиға 2018 жылдың қыркүйегінде болған. Ақтөбелік келіншек бұл оқиға жайлы әлеуметтік желіде жазып, артынша жұртты дүрліктірген еді.

Ал биыл 26 шілдеде жолсеріктерге қатысты сот үкімі шыққан еді. Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязов есімді жолсеріктер Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлігі - "Зорлау" бойынша айыпты деп танылып, екі жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкімді сот Оразбай Сатыбалды шығарған болатын.