Елдімекендерге қауіп жоқ: Қостанайдағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр

0
394

ТЖМ өңірдегі дала өртіне қатысты соңғы мәліметтерді жариялады.


Елдімекендерге қауіп жоқ: Қостанайдағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша соңғы мәліметті жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

6 қыркүйектегі сағат 08.00 бойынша жедел ақпаратқа сәй елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

«Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрбір елдімекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) қарауылдау ұйымдастырылды. Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалдығы күшейді. Сағат 7:30 бастап өрт аумағына ұшу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, өрттен барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында орналасқан.

Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

«11 адам (халықтың 6 адамы, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алып, күйік шалды, сондай-ақ уланып қалғандар бар, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты», - делінген хабарламада.

4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы - 107 257 га.

ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді, ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды.

ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түскен. Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді.

57 адамға консультативтік көмек көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.