Биыл денсаулық сақтау бойынша БҰҰ достар тобын Жапония басқарады.
ERNUR.KZ. Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша БҰҰ-ның достар тобына қосылды. Бұл ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек мәселелеріне үлкен көңіл бөлмек, деп жазады 24.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем халықының жартысы негізгі медициналық-санитарлық қызметтермен қамтылмаған. Биыл денсаулық сақтау бойынша БҰҰ достар тобын Жапония басқарады. Маусым айында осы елде Джи-20 ұйымының саммиті өтеді.
Саяси мәселелермен қатар «Үлкен жиырмалыққа» мүше елдер денсаулық сақтау қызметтерімен бүкіл әлемді қамту сауалын да қарастырмақ.
Тошия Хошино, БҰҰ жанындағы Жапония тұрақты өкілінің орынбасары: - Жапония алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша БҰҰ достар тобында төрағалық етіп отыр. Біз шағын топтан бастап едік, ал қазір құрамамызда 40 мемлекет бар. Қазақстан қатарымызға қосылып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке үлкен көңіл бөліп жүргеніне ризамыз. Тобымыздың қазіргі мақсаты биыл қыркүйекте өтетін конференцияны табысты өткізу болып отыр. Бұл басқосу денсаулық сақтау қызметтерімен бүкіл әлемді қамту мәселесіне арналады.