Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтып отыр.
Фото: Экология министрлігі
ERNUR.KZ. Десе де, экспорт шектеулі партиялар арқылы жүзеге асады, деп жазады inbusiness.kz.
Министрдің сөзінше, экспорт еркін сауда емес. Ол қатаң реттелмек.
– Біріншіден, үш жылға лимит белгіленген. Екіншіден, барлық мүйізді бақылау жүйесі арқылы қадағалау қажет. 2023 жылдан бері "Қазақтелеком" компаниясымен бірге жүйе енгізіліп жатыр, ал бүгінде барлық алынған мүйізге арнайы чиптер орнатылып, есепке алынған, – деді Ерлан Нысанбаев.
Мүйіздер экспорты үшін қазақстандық және қытайлық жүйелер интеграцияланады және бұл бақылаудың деривативтің алынған жерінен бастап өңделетін жеріне дейін жүргізіледі.
Самарқандта өткен CITES Тараптарының 20-шы конференциясында Қазақстанның киік мүйізіне қатысты нөлдік экспорттық квотасы алынып тасталған еді. Бұл шешім елімізге киіктің дериваттарын халықаралық саудаға қайта шығаруға мүмкіндік беріп отыр.
Сол кезде CITES Бас хатшысы Ивонн Игуэро Қазақстандағы киіктің саны тарихи кезеңнен 21 мыңнан 4 миллионға дейін өскенін айтты. Бұдан былай Қазақстан мүйізбен реттелетін халықаралық саудадан түскен кірістерді биологиялық әртүрлілікті сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру және мониторинг жүргізуге бағыттауды жоспарлап отыр.


