Есіңізде болсын: энергияңыз қайда бағытталса, өміріңіз де солай қарай өрбиді.
фото: ЖИ
Күш дегенді көпшілік буылтық бұлшық еттен немесе биік лауазымнан іздейді. Шындығында, нағыз мықтылық – ішкі энергияңызды қаншалықты саналы басқара алатыныңызда. Ал энергияны қалай, қайда жұмсайтыныңызға орай, өміріңіздің және өзіңіздің күйіңіз қалыптасады.
Мынау үш қағида – өмірлік қуатты сақтауға көмектеседі.
1. «Саңырау құлақ» қағидасы
Айналаңызда үнемі шағымданып жүретін адам бар ма? Ол сізге әдеттегідей жоқшылығын, ауруын, сәтсіздігін тоқтаусыз шағымданып айтса – ол өзінің лас суын сіздің таза бұлағыңызға құйып жатқаны. Бұл нейрология тұрғысынан расталған шындық. Біз біреудің мұңын жанашырлықпен тыңдаған сәтте, мидағы нейрондар сол күйді өзіміздікі ретінде «көшіріп» алады. Яғни сіз шағымды тыңдап отырсыз, ал денеңіз оны бастан кешіріп жатады. Сосын көп ұзаиай дәл сол адамның сәтсіздіктері сізде қайталана бастайды.
Есте ұстаңыз: Шексіз шағымға тыңдай беру – өз болашағыңызды біреудің кешегісіне айырбастау.
2. «Жасырын алтын» қағидасы
Нанды ашытқанда не болады? Ол жылы, қараңғы жерде, тыныштықта көтеріледі. Ал беті қымтап жабылмаса, уақытынан бұрын ашылса, қамыр басылып, көтерілмейді.
Жоспарыңыз, арманыңыз, жаңа бастамаңыз да дәл осылай жұмыс істейді. Психологияда бұл «социальды шындық» деп аталады: адам жоспарын айтып болған соң, миы оны «бұрыннан орындалғандай» сезінеді де, іске асыруға деген ынта мен энергия бәсеңдейді. Иақсатын басқаларға ертерек жария еткен адамдар оны орындау ықтималдығы төмен болады. Ал энергиясы аз арман орындалмай қалады.
Қағида: Жұмбақ болыңыз. Жетістігіңізді тек ол үшін шынымен қуана алатындар ғана білсін.
3. «Энергия – валюта» қағидасы
Таңертең оянғанда қолыңызда белгілі бір мөлшер ресурс болады – уақыт, зейін, эмоциональдық қуат. Оны қайда жұмсап жүрсіз
Өзгенің драмасына ма? Өсекке пе? Мәнсіз тартыстарға ма? Бөтен өмірге деген қызғанышқа ма? Немесе бес жыл бұрын болған жағдайды қайта-қайта ойлауға ма?
Энергия – дәл валюта сияқты. Оны сіз инвестициялайсыз. Сұрақ «қайда?» Күнделікті энергияңыз денсаулыққа, жақын адамдарға, дамуға, жұмысқа жұмсалғанда ғана нәтиже болады. Демек, зейініңізді драмадан – дамуға, өсектен – әрекетке, ал бос сөзден – нәтижеге бұрыңыз.
Есіңізде болсын: энергияңыз қайда бағытталса, өміріңіз де солай қарай өрбиді.
Дайындаған: Ж. Нұрабай,
Тағы да оқыңыз:
Өмірде жоқ жануар сал": балаңыздың қорқынышын білесіз бе?
Өзгерісті ОСЫНЫ ОРЫНДАУДАН бастаңыз!


