Елімізде 350 мыңнан астам нотариаттық қызмет онлайн форматта көрсетілді

0
100

Әділет министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі – атқарушылық іс жүргізу процестерін автоматтандыру.


Елімізде 350 мыңнан астам нотариаттық қызмет онлайн форматта көрсетілді

ERNUR.KZ. Мәселен, былтыр тамыз айынан бастап «Цифрлық сот орындаушысы» енгізілді. Ол автоматты режимде адамның қатысуынсыз атқарушылық іс жүргізуге бастамшылық жасайды және сүйемелдейді. Бұл шешім адами факторды жоюға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қарызды өндіріп алу процесін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді. Жобаның негізгі әлеуеметтік тиімді тұстарының бірі – азаматтарға қаржылық жүктемені азайту. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, бұрын жеке сот орындаушысын тарту кезінде борышкер борыш сомасының 25%-на дейін комиссия түрінде қосымша төлеуге мәжбүр болса, енді процесті автоматтандырудың арқасында бұл шығынтар алынып тасталды. Цифрлық құралды енгізу нәтижесінде азаматтар жеке сот орындаушыларының қызметтерін төлеуге кететін 1,2 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеді.

Сондай-ақ атқарушылық өндірісті одан әрі цифрландыру аясында жасанды интеллект элементтерін енгізу жоспарлануда.

«Олар сот шешімдерін орындаудың ашықтығын, тиімділігін және әділеттілігін арттыруға бағытталады. «Құқықтық кеңесші» модулі –бұл азаматтарға арналған құрал және ол атқарушылық іс жүргізу барысында объективті ақпаратқа қол жеткізуді және тараптардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етететін цифрлық көмекші болады. Оның басты қызметтері мынадай: жеке сот орындаушылары әрекеттерінің толықтығын бақылау, азаматтарды олардың істерінің мәртебесі және жасалған әрекеттері туралы ақпараттандыру, сот орындаушыларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты негізделген шағымдарды дайындауға көмек көрсету. Бұл құрал атқарушылық іс жүргізу жүйесіне деген ашықтық пен сенімді арттырады», – деді спикер.

Сонымен қатар, «Цифрлық нотариус» жобасы да халық арасында айтарықтай сұранысқа ие. Ол арқылы азаматтар нотариаттық қызметтерге онлайн форматта нотариусқа бармай, ыңғайлы және қауіпсіз қол жекізе алады. Бүгінде мынадай қызметтер осы тәртіппен көрсетіледі: цифрлық сенімхаттар, некеге тұру туралы өтініш, жұбайының келісімі. Әзірге онлайн форматта 350 мыңнан астам нотариаттық қызмет көрсетілді. Оларға қатысты шағым түскен жоқ.