Бала күтіміне байланысты қолдау шаралары күшейтіледі.
ERNUR.KZ. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мөлшері қалай артатынын түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазіргі таңда Әлеуметтік кодекстің жобасы әзірленіп жатыр. Соның аясында әлеуметтік қамсыздандыру шараларын мемлекеттің әлеуметтік саясатына халықтың көңілі толатындай етіп жетілдіру көзделген", -дейді Әлихан Смайылов.
Бала күтіміне байланысты қолдау шаралары күшейтіледі.
"Жеке айтсақ, бала күтіміне жәрдемақы төленетін мерзімді бір жылдан бір жарым жылға арттыру жоспарланып отыр. Бұл норма жұмыс істеп жүрген ата-аналарға да, жұмыс істемейтін ата-аналараға да қатысты. Бұл мүмкіндікті пайдалана алатын ата-аналардың саны 500 мыңға дейін жетеді", - деп жазады Әлихан Смайылов.