Биыл 24 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
ERNUR.KZ. Құжаттың іске асырылуы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жұмыстарының жалпы тиімділігін арттыруға бағытталды. Заң 10 кодекс пен 37 заңға 600-ден астам түзетулер енгізілді. ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.
Оның айтуынша, заң жобасын дайындау барысында депутаттық корпуспен бірлескен жұмыс жүргізілді. Барлық норма профильді комитеттерде, уәкілетті органдар мен сарапшылардың қатысуымен жұмыс топтарында талқыланды.
«Заңнамадағы негізгі өзгерістерді атап өтейін. Біріншісі - өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздік. Адамдар жаппай баратын объектілерде және биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ аумақтық органдары пайдалануға беру кезінде олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады. Бұл норманы енгізу өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған объектілерді іске қосу және одан әрі пайдалану фактілерінің алдын алуға мүмкіндік береді»,-деді спикер.
Зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу үшін ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін сақтандыру жүйесі енгізілді. Өрт автоматикасын монтаждауға және техникалық қызмет көрсетуге рұқсат беру, сондай-ақ Хан Шатыр мен ЭКСПО сияқты объектілерді салуға арналған арнайы техникалық шарттарды келісу туралы нормалар енгізілді. Бұдан бөлек, ірі төтенше жағдайларды жоюға қатысқан кезде өрт сөндірушілер тамақпен қамтамасыз етіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша Министрлікке қауіпті өндірістік объектілер мен техниканы жаңартудың жиынтық жоспарын келісу беріледі. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін өз меншігінде арнайы ғимараттар мен құрылыстар кешені, оқу-жаттығу полигоны, шаң және газды талдау зертханасы, арнайы техника, аппараттар мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талап етіледі.
Қауіпті өндірістік объектілерде зиянды факторлардың пайда болуын алдын алу үшін ұйымдарда тікелей басшыға бағынатын жеке өндірістік бақылау қызметін құру міндеті бекітілді. Және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың ерекше тәртібі енгізілді.
Заң сейсмология саласындағы негізгі терминдерді бекітті, жергілікті атқарушы органдарға сейсмикалық аймақтарға бөлу карталарын және сейсмикалық тәуекел карталарын әзірлеу, сондай-ақ оларды бекіту, аймақтарға бөлу мен бағалау жүргізу, сейсмологиялық станциялар желісін және автоматтандырылған хабарландыру жүйесін кеңейту үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлу бөлінеді.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар қаупі туындаған немесе орын алған кезде халықты жедел хабардар ету саласында маңызды өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, негізгі түзетулердің бірі жедел кезекші қызметтің лауазымды тұлғаларына уәкілетті лауазымды тұлғалардың алдын ала бұйрығынсыз хабарландыру жүйесін өз бетімен іске қосады. Мұндай шара шешім қабылдау уақытын қысқартып, халықтың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.