Темекі өнімдерін мына жерлерде тұтынуға болмайды:
ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне өзгеріс енгізді, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.
Өзгерістер «Темекі мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу» 159-баптың 5-тармағына енгізілді.
Кодексте көрсетілгендей, темекі өнімдерін мына жерлерде тұтынуға болмайды:
- білім беру ұйымдарында, сондай-ақ қоғамдық орындарда;
- денсаулық сақтау ұйымдарында;
- қоғамдық тамақтану орындарында;
- кинотеатр, театрда, циркте, концертте, көрме залдарында, спорттық аренада және өзге де бұқаралық демалысқа арналған жабық нысандарда, оның ішінде түнгі клуб пен би алаңдарында;
- музей, кітапхана және дәріс алаңдарында;
- белгісіз орындарда, пойыз және көл мен өзен көліктерінде;
- әуе кемесінің бортында, автобус салонында, жолаушыларды тасымалдайтын микроавтобус, троллейбус, такси және қалалық рельсті көлікте;
- әуежай ғимаратында, теміржол, автокөлік және су бекеттерінде;
- мемлекеттік орган мен ұйымдарда;
- жұмыс орны болып келетін бөлмелерде;
- үйдің кіре берісінде.