Елімізде коронавирус пен пневмониядан 158 науқас қайтыс болды

0
537

Ең көп пациент өлімі елорда мен Атырау облысында тіркелген.


Елімізде коронавирус пен пневмониядан 158 науқас қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 158 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

5 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында 128 адам - коронавирустан, тағы 30 адам – коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Ең көп пациент өлімі елорда мен Атырау облысында тіркелген - 18 адамнан, Шымкент қаласы мен Қарағанда облысында 17 адамнан қайтыс болған.

7 тамыздағы мәлімет бойынша, 109 163 адам коронавирус инфекциясынан (–105 454 + және 3 709 КВИ-) емделіп жатыр:

  • 29 961 пациент стационарда,
  • 79 202 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 871 адамның жағдайы ауыр,
  • 416 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.