Елімізде күн 38 градусқа дейін ысиды деп болжанды

0
662

Шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.


Елімізде күн 38 градусқа дейін ысиды деп болжанды

ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ауа райы болжамына сәйкес, шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Қазақстанда күнзідгі ауа температурасы:

  • батыс өңірлерде +32+37°С дейін;
  • солтүстік-батыста +30+35°С дейін;
  • солтүстікте +20+30°С дейін;
  • орталықта +20+28°С дейін;
  • оңтүстікте +30+38°С дейін ыстық болады;
  • оңтүстік-шығыста ауа температурасы +20+25°С-қа дейін, таулы аймақтарда +10+15°С дейін сәл төмендейді;
  • шығыста негізгі фон +23+28°C.