Жазаның тым қатаңдығы қоғамға әсер етіп жатыр.
фото:baq.kz.
ERNUR.KZ. Сенат кулуарында сенатор Марат Қожаев жазаны жеңілдету жайлы ұсынысты талқылауға дайын екенін айтты, деп жазады baq.kz.
Бастапқыда жүргізуші куәлігін бір жылға айыру қарастырылған еді, кейін екі жылға, содан кейін мерзім 5-7 жылға дейін ұзартылды. Мас күйінде көлік жүргізу тоқтаған жоқ. Ауыр жол апаттары орын алып, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілді, - деді ол.
Оның айтуынша, жазаның тым қатаңдығы қоғамға әсер етіп жатыр.
Бұл мәселенің екінші жағы бар: 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған кейбір азаматтар бізге шағыммен жүгінеді. Егер адамның кәсібі жүргізуші болса және ол осындай жазаға тартылса, отбасын асырауы керек қой. Сондықтан 7 жыл тым ұзақ емес пе?’ деген сұрақ туындайды. Қазір Мәжілістегі әріптестеріміз бұл мәселені қарастырып жатыр. Егер ол Сенатқа келіп түссе, біз де оны талқылаймыз,-деді сенатор.