Елімізде табысы күнкөріс минимумынан да төмен отбасылар саны 1 млн асты

0
587

Өңірлер бойынша табысы күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының дені Түркістан облысына тиесілі (25,4 мың).


Елімізде табысы күнкөріс минимумынан да төмен отбасылар саны 1 млн асты

ERNUR.KZ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де нашар отбасылар көбейген, деп жазады ҚазАқпарат.

Finprom.kz ресурсының дерегінше, табысы ең төменгі күнкөріс минимумынан төмен отбасылар саны бір жылда 5%-ға өскен. Бұл дегеніміз миллионнан астам адам.

Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының саны жыл ішінде 4,5% (180,9 мың) дейін артыпты.

Онда 1 миллион адам тұрып жатыр.

Өңірлер бойынша табысы күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының дені Түркістан облысына тиесілі (25,4 мың).

Кедейлік шегінен төмен тұратын халықтың ең көбі (191,1 мың адам) осы өңірде.

Сондай-ақ, алғашқы бестікке Алматы (15,9 мың үй шаруашылығы), Шымкент (14,6 мың), Маңғыстау (12,9 мың үй) және Ақмола (12,6 мың үй шаруашылығы) облысы кіреді.

Табысы төмен үй шаруашылықтары Ұлытау, Атырау және БҚО-да азырақ.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа мөлшері - 46,7 мың теңге.

2021 жылмен салыстырғанда 26,9% артық. Сонымен бірге, тұтынуға пайдаланылған кіріс 80,2 мың теңгені құрап, бір жылда 14,3% өсті.

Қазақстан бойынша орташа ең төменгі күнкөріс деңгейі мен тұтынуға пайдаланылған кірістердің арақатынасы - 171,8%.

Күнкөріс деңгейінің шамасымен тұтынуға пайдаланылған кірістердің ең жоғары арақатынасы Қарағанды облысында (233,6%) тіркелді.

Екінші және үшінші қатарда СҚО (208,5%) және Алматы (206,7%) орналасқан.