Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жоспарлы әрі жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр.
Оның айтуынша, өткен жылдан бері Есіл, Нұра, Жайық, Сырдария, Шу, Талас, Тобыл және Ертіс өзендері бассейндері бойынша болжам қалыптастыруды қамтамасыз ететін Talsim-NG гидрологиялық моделін бейімдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазір 98 гидрологиялық бекет бойынша су шығынының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарының нәтижелері Tasqyn ақпараттық жүйесіне беріледі.
«Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-ның 1 наурыздағы гидрологиялық болжамына сәйкес ірі су қоймаларына келіп түсетін жиынтық су көлемі 11,5-тен 16,3 текше шақырым аралығында бағаланады. Қазір су қоймаларының бос сыйымдылығы шамамен 15 млрд текше метрді құрайды. Бұл тасқын суларын қабылдау үшін елеулі резерв қалыптастырып, ағынды реттеу кезінде қажетті маневр жасауға мүмкіндік береді. Тұрақты негізде әр он күн сайын ағымдағы гидрологиялық жағдайларды ескере отырып, тасқын суларын барынша тиімді және қауіпсіз өткізуге бағытталған су қоймаларын пайдалану режимінің оңтайлы есебі жүргізіледі», – деді спикер.
Ағымдағы жылдың 17 наурыздағы жағдай бойынша оңтүстік өңірлердегі су қоймалары жинақтау режимінде жұмыс істеуде. Солтүстік және Орталық өңірлер бойынша су қоймаларының орташа толуы – 67%. Батыс өңірлер бойынша су қоймаларының орташа толуы- 57%, Шығыс өңірлер бойынша су қоймаларының орташа толуы 82%-ды құрайды. Су қоймаларының жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін әр онкүндік негізде тасқын суларды тиімді өткізу мақсатында оңтайлы режим есептеледі.
Сонымен қатар көршілес мемлекеттермен жұмыс жүргізілуде. Осылайша, Ресей Федерациясымен бірлесіп 2025 жылы су тасқыны мен көктемгі тасқындарды өткізу кезінде өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Ағымдағы жылдың 17-19 ақпаны аралығында Астана қаласында Қазақстан-Ресей жұмыс тобының 4-отырысы өтті. Осы отырыс барысында тараптар су қоймаларының жұмыс режимі бойынша тасқын кезеңін қауіпсіз өткізу жөнінде ұсынысдар әзірледі. Қытай Халық Республикасымен трансшекаралық сулар бойынша жедел хабарлау және бақылау жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде байланыс арналары тексеріледі.
Негізгі бағыттардың бірі – гидротехникалық құрылыстардың сенімділігін қамтамасыз ету. Тасқынға дайындық мақсатында бассейндік су инспекциялары ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және «Қазсушар» РМК өкілдерімен бірлесіп гидротехникалық құрылыстарға визуалды тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша ұсынымдар берілді. 47 ГТҚ жөнделді. 90 ГТҚ бойынша жұмыстар жалғасуда.


