Шектеу алты ай мерзімге енгізіледі.
Фото: folhadolitoral.com
ERNUR.KZ. Қазақстанға шетелден жұмыртқа әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz.
Тыйым Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі №146 бұйрығымен қабылданды.
"Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы 040721 коды бойынша тауық жұмыртқаларын барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынсын", – делінген құжатта.
Бұл шешім Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" және "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңдарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нормаларына сәйкес қабылданды.
Сонымен қатар, бұйрықта бірқатар ерекшеліктер көзделіп отыр. Шектеулер Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқаларын транзиттеуге, сондай-ақ оларды ЕАЭО елдері арасында республика аумағы арқылы тасымалдауға қолданылмайды.


