Елорда 2023 жылға дейін әлеуметтік салаға 1,2 млрд теңге жұмсайды

0
743

Елорданың 2023 жылға дейінгі нақтыланған бюджетінде әлеуметтік салаға 1 млрд 254 млн теңге қарастырылып отыр.


Елорда 2023 жылға дейін әлеуметтік салаға 1,2 млрд теңге жұмсайды

ERNUR.KZ. Елорда 2023 жылға дейін әлеуметтік салаға 1,2 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елорданың 2023 жылға дейінгі нақтыланған бюджетінде әлеуметтік салаға 1 млрд 254 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл орайда жұмыспен қамтуды басқару, жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерді жеке көмекшімен қамту негізгі бағыт саналады. оған 365 млн теңге қарастырып отыр. Сонымен қатар Денсаулық сақтау басқармасына ПТР-зертхана жабдықтарын сатып алуға шамамен 200 млн теңге қарастырылады», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс 76-шы сессиясында.

Басқарма басшысының атап өтуінше, елорданың көлік инфрақұрылымын дамытуға қосымша 7 млрд 271 млн теңге, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар ішкі бағыттарды жолаушылар тасымалын субсидиялауға 5 млрд 451 млн теңге бөлінеді.

«Отын-энергетика кешені және коммуниалдық шаруашылық басқармасына қосымша 899 млн теңге, оның ішінде газ-көлік жүйесін дамытуға 404,5 млн теңге қарастырылады. Құрылыс басқармасына бірқатар нысан құрылысын аяқтау үшін 1 млр 74 млн теңге бөлінеді. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында қосымша 15 млн теңге көзделеді. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасына 1 млрд 651 теңге қарастырылып отыр», - деді Қайсар Маңқараев.