Елордалық өрттен аман қалу үшін жаймаларды бір-біріне байлап тоғызыншы қабаттан түспек болды

0
365

Сарайшық ауданында Ж.Нәжімеденов көшесінде тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтер қызыл жалынға оранды.


Елордалық өрттен аман қалу үшін жаймаларды бір-біріне байлап тоғызыншы қабаттан түспек болды

Сурет: Астана ТЖД баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Астанада 12 ақпан күні таңертең көпқабатты тұрғын үйдің жоғары қабатында өрт шықты, деп жазады zakon.kz.

Астаналық құтқарушылардың мәліметінше, Сарайшық ауданында Ж.Нәжімеденов көшесінде тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтер қызыл жалынға оранды.

Жедел келген өрт сөндірушілер пәтердің балконына автосатыны орнатып, ер адамды құтқарып қалды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам бірнеше жайманы байлап, төмен түсуге тырысқан.

Құтқарушылар кейіннен оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Бұған дейін Алматыдағы "Green Recycle" қалдықтарды өңдеу зауытында қоқыс сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылғандығы хабарланған болатын.