Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов әртістер елдің белгілі бір қаласында жергілікті әкімдікпен жасалған келісімшарт негізінде өнер көрсететінін мәлімдеді.
ЖИ / ulysmedia.kz
ERNUR.KZ. Енді қазақстандық әртістердің гастрольдері мен репертуары мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауында болады, деп жазады ulysmedia.kz.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов әртістер елдің белгілі бір қаласында жергілікті әкімдікпен жасалған келісімшарт негізінде өнер көрсететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл құжатты, сондай-ақ әншілердің репертуарын жергілікті атқарушы органдармен қатар министрлік те бақылап отырады.
– Келісімшартта әртістің орындауға тиіс міндеттемелері нақты көрсетіледі, әрі ол оларды бұзбауы керек. Бұл міндеттемелер, ең алдымен, орындалатын әндерге қатысты. Яғни, ол композициялар еліміздің ұлттық құрылымына нұқсан келтірмеуі, порнографияны, есірткі қолдануды насихаттамауы тиіс. Жалпы, бұл — заңға қайшы контенттің толық тізбесі, – деді вице-министр.


