Енді Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандардың тізімін кредит бюросына береді

0
150

​Деректер әскери қызметшінің кредиттік есебіне енгізіледі.


Енді Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандардың тізімін кредит бюросына береді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда әскерде жүрген азаматтарға кредит беруге тыйым салынған. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылған жастар туралы мәліметтерді кредит бюроларына береді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыға енгізілетін өзгерістерді әзірледі. Жоба 2025 жылғы 30 маусымдағы заңды іске асыру мақсатында дайындалған. Бұл заңда мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаздарға әскерде жүрген уақытында банк несиелері мен микрокредиттер беруге тыйым салынған.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандар туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға береді. Мәліметтер әскери қызметшінің кредиттік есебінде көрсетіледі.

«Қаулы жобасында мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер туралы мәліметтерді жеке тұлғаның кредиттік есебінде көрсету үшін Қорғаныс министрлігінен кредиттік бюроларға беру тәртібі регламенттелген. Банктер мен микроқаржы ұйымдары әскерге шақыру жасындағы азаматтың кредиттік есебін тексеру кезінде оның әскерде жүргенін анықтаса, оған кредит беруден бас тартады», - делінген хабарламада.