Енді Мысырға бару үшін коронавирусқа тест тапсырудың қажеті жоқ

0
699

​Мысыр 2021 жылы енгізілген коронавирусқа қатысты барлық шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады.


Енді Мысырға бару үшін коронавирусқа тест тапсырудың қажеті жоқ

ERNUR.KZ. Мысыр билігі коронавирусқа қатысты барлық шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

"Эпидемияға қарсы күрес жөніндегі дағдарыс орталығы жоғарғы кеңесінің отырысы кезінде мысырлықтар мен шетелдіктердің Мысыр Араб Республикасына кіруіне 2021 жылы енгізілген барлық шектеуді алып тастау туралы шешім қабылданды", - деді министрлер кабинетінің өкілі Надер Саад.
Мысыр денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, азаматтарға коронавирусқа қарсы 90 миллионнан астам доза вакцина салынған және қазір вакцина қоры 57 миллионнан астам дозаны құрайды.
Қаңтар айынан бастап күшіне енген ережелерге сәйкес, елге келген туристер вакциналау сертификатын немесе үш тестің біреуін көрсетуі керек болды: ПТР, антигендерге арналған жедел тест немесе ID NOW.