Енді жүргізуші ереже бұзса, көлігін сақтандыру үшін көп төлейді

0
297

Міндетті сақтандыру полисінің құны әр жүргізушіге жеке есептеледі.


Енді жүргізуші ереже бұзса, көлігін сақтандыру үшін көп төлейді

ERNUR.KZ. Бүгіннен, яғни 7 сәуірден бастап елімізде көлікті сақтандыру құны қымбаттады, деп жазады baq.kz.

Міндетті сақтандыру полисінің құны әр жүргізушіге жеке есептеледі.

Жүргізушінің тәжірибесі мен жасы, автокөлікті тіркеу аймағы, автокөлік түрі мен қызмет ету мерзіміне қарай баға өзгереді.

Жүргізуші жылдамдықты асырса, қарсы бетке шығып, қауіп төндірсе, сақтандыру құны айтарлықтай қымбаттайды.

Сақтандыру полисін алғаш рет алған жүргізушілерге 1,8 коэффициент белгіленген. Жаңа А класын енгізу олардың жол-көлік оқиғаларына жиі ұшырайтынымен түсіндіріледі.

Жылдамдықты 40 км/сағ немесе одан жоғары асырған, қарсы жолаққа шығып бұрылса немесе кері бұрылса, бағдаршамның қызыл түсіне өткен немесе реттеушінің белгісіне бағынбаған, жаяу жүргіншілерге жол бермеген, басқа жүргізушілерді жылдамдықты немесе қозғалыс бағытын күрт өзгертуге мәжбүр ететін апатты жағдай туғызған, техникалық регламентке, ұлттық стандартқа сай келмейтін ақауы бар көлік жүргізген, жол-көлік ережелерін үш және одан көп мәрте бұзған жүргізушінің сақтандыру класы бірден екі деңгейге төмендеп, полис құны артады.

Сонымен қатар:

Жол апатына түспеген жүргізушінің класы жыл сайын жоғарылайды. 7 сәуірден бастап 5 жылдан аса уақыт үздіксіз 13-класта апатсыз жүрген жүргізушіге сыйақы беріледі. Оны ынталандыру мақсатында төмен сақтандыру коэффициенті беріледі.