Эпидемиолог коронавирусты кімдер жұқтырып жатқанын айтты

0
537

Алматыда негізінен 20-39 жас аралығындағы тұрғындар коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр.


Эпидемиолог коронавирусты кімдер жұқтырып жатқанын айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп жазады baq.kz.

Соңғы екі аптада алматылық эпидемиологтар жүргізген талдау нәтижелері бойынша ең көп сырқаттану еңбекке қабілетті жастағы адамдар арасында тіркелген.

14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші 3,3%-ға өсті. Бұл мектептер мен отбасылардағы инфекциялардың салдары. Көбінесе 20-39 жастағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырады, олардың үлесі - 28%, 40-59 жасында - 22% және 60 жастан асқан адамдар - 23%, - деді Ә. Қалықова.
Сонымен қатар ол инфекцияны тежеу қиын болғанымен, тиісті шаралар мен өзін-өзі тәрбиелеу орындалса, вирустан сақтануға болады деген ойда. Ол үшін азаматтар әлеуметтік қашықтықты сақтап, жеке қорғаныс құралдарын қолданып, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауы қажет.

Қалықова сондай-ақ Алматыда коронавирустық инфекция тарайтын ықтимал орындарды атады. Мысалы эпидемиологтар бөлшек сауда орындарында инфекцияны жұқтыру 3%-ға, азық-түлік бөлшек сауда желілерінде, супермаркеттерде - 2,5%-ға, азық-түліктік емес дүкендерде - 1,7%-ға, метрода - 0,6%-ға, қоғамдық тамақтану орындарында - 0,8%-ға, монша-сауналарда - 0,5%-ға өскенін атап өтті. Сонымен қатар дәріхана, медициналық мекеме, банк, пошта, демалыс саябақтары сияқты нысандарда 0,1%-ға өскен.

Бүгінде инфекцияны жұқтыратын негізгі орындары сауда нысандары - 35%, қоғамдық көліктер - 19%, отбасылармен байланыс - 18,4%, базарлар - 9%, - деді ол.