Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Атыраудағы «Дина» базарында белгісіз ер адам әйелді ұрып кетті, деп жазады ktk.kz.
Желіде Атыраудағы «Дина» базарында ер адам қасынан өтіп бара жатқан әйелдің бетінен ұрған видеосы тарады. Сөйтіп ары қарай ештеңе болмағандай кете барады. Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталған.
Қазір «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірақ сот-сараптамалық нәтижесінен кейін «Денсаулығына қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы дене жарақаттарын келтіру» бабы бойынша айыпталуы да мүмкін.