Ерекше балаларды қорлаған блогер Гүлнәр Оразалина Қостанайдың қақ ортасында бір әйелмен төбелескен (ВИДЕО)

0
152

​Полиция қылмыстық іс қозғады.


Ерекше балаларды қорлаған блогер Гүлнәр Оразалина Қостанайдың қақ ортасында бір әйелмен төбелескен (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Біраз уақыт бұрын өзін блогермін деп санайтын Гүлнәр Оразалина ерекше баласы бар аналардың арына тиетін мәлімдеме жасап, желіні шулатқан еді. Енді бүгін ол отбасымен бірге, бір әйелді жабылып сабаған видеосы тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қостанайдың қақ ортасындағы төбелестің видеосы желіге таралған соң полиция тексеру жүргізген. Видеода көрініп тұрғандай, бір ер адам мен екі әйел көшеде бір келіншекті ұрып, тепкен. Қостанай облысының полиция департаменті видеодағы адамдардың бәрін ұстап, бөлімшеге апарған.

Алдын ала мәлімет бойынша екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталған. Мән-жайды анықтау барысы кейін жеке кездесуде жалғасып, төбелеске ұласқан.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижелері бойынша әрбір қатысушының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады. Полиция жанжал мен даулы жағдайларды тек құқықтық жолмен шешу қажет екенін еске салады. Кез келген заңға қайшы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қоғамдық тәртіп әр азаматтың мінез-құлық мәдениеті мен заңды сақтауынан басталады», - деп хабарлады полиция департаменті.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина атты блогердің мәлімдемесі ерекше баласы бар аналардың шамына тиіп, олар ұжымдық арыз берген еді.