"Ешкімді өлтіргім келмейді": Ресейдің әскери бөлімінен Оралға қашып келген азамат елімізден босқын мәртебесін сұрады

0
626

Игорь Санджиев комиссиядан оң жауап күткенімен сеніңкіремейтінін жасырмады.


ERNUR.KZ. Әскери бөлімнен Оралға қашып келген ресейлік Игорь Санджиев Қазақстаннан босқын мәртебесін алуға өтініш тастады деп жазады Stan.kz.

Батыс Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті жанындағы комиссия ресейліктің бұл өтінішін қарастырды. Ал екі апта бұрын ер адамға босқын мәртебесін алғысы келушінің куәлігі берілген екен.

"Комиссия құрамында бірнеше адам болды. Олар маған неліктен босқын мәртебесін алғым келетіні туралы сұрақ қойды. Мен Украинаға барып соғысқым келмейтінімді, қашып кеткенімді, барлығын егжей-тегжейлі айттым. Ал елімде өз көзқарасым үшін қудалауға ұшыраймын", - деді Игорь Санжиев.

Комиссия отырысы шамамен 20 минутқа созылған. Кейін ресейлікке бес күн ішінде хабарлама түріндегі жауап берілетінін айылған.

Игорь Санджиев комиссиядан оң жауап күткенімен сеніңкіремейтінін жасырмады. Себебі Ресей шекарасы тым жақын, ал елі оны іздейтіні анық. Оның үстіне Қазақстанда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін мамыр айында Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында сот отырысы өтпек.

Игорь Санджиев наурыз айында Элистадағы әскери бөлімнен қашып кетіп босқын мәртебесін сұрауының да себептері бар. Ол: "Мен ешкімді өлтіргім келмейді",- дейді.