Есірткі зертханасын ұйымдастырған: Қазақстанда Украина мен Молдова азаматтары сотталды

0
134

Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды.


Есірткі зертханасын ұйымдастырған: Қазақстанда Украина мен Молдова азаматтары сотталды

ERNUR.KZ. Есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды, деп жазады tengrinews.kz.

Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімі бойынша, Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды.

"Топ кейіннен Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген. Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған.
Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден аса прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қылмыскерлер синтетикалық есірткіні қатаң құпиялылықта жасаған. Үй онлайн режимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған.

"Қылмыстық іс Ерейментау ауданының прокуратурасымен сотқа жолдану барысында, аталған тұлғалардың әрекеті трансұлттық ұйымдасқан топ ретінде сараланған. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды".

Үкім заңды күшіне енді.