Өткен жылы Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын.
ERNUR.KZ. 13-17 маусым аралығында Болгарияның София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы EuPhO-2025 өтеді. Олимпиадаға 30 елден 200-ден астам мектеп оқушылары қатысады, деп жазады baq.kz.
Қазақстан құрамасына 2024–2025 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және физика пәні бойынша олимпиадалық резерв мүшелері енді:
- Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Таир Абдикадыр – Қостанай облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Алтаир Ақанов – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
Қазақстан құрамасының жетекшілері:
- Андрей Владимирович Сидоренко – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы;
- Темірлан Айдарұлы Исмағұлов – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Айта кетейік, Еуропалық физика олимпиадасы – ғылымға қызығушылығы бар, дарынды мектеп оқушыларына арналған халықаралық аймақтық жарыс. Өткен жылы Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын.