FlyArystan ұшағы Ақтау әуежайын екі сағат бойы айналып тұрған

0
400

Ақтау халықаралық әуежайы тұрғындардың алаңдаушылығына жауап беріп, әуе кемесінің неліктен бұлай әуеде тұрғанына жауап берді.


FlyArystan ұшағы Ақтау әуежайын екі сағат бойы айналып тұрған

ERNUR.KZ. Ақтаулықтар облыс орталығының әуе айлағында бірнеше сағат бойы айналып тұрған FlyArystan әуе компаниясының ұшағына алаңдаушылық танытты, деп жазады stan.kz.

Flightradar24 сервисі де деректерді растады. Сервис – ақпаратты нақты уақыт режимінде әуе кемелерінің жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Олардың айтуынша, FlyArystan әуе кемесі KS1365 рейсі әуеде ұзақ уақыт бойы айналып шыққан.

Ақтау халықаралық әуежайы тұрғындардың алаңдаушылығына жауап беріп, әуе кемесінің неліктен бұлай әуеде тұрғанына жауап берді.

"Бұл оқу-жаттығу рейсі, ұшақ пен рейс нөмірі радарда көрсетіледі", – деп атап өтті әуежай.

Еске салайық, бұған дейін Air Astana жолаушылары Анталиядан елордаға ұшып келетін рейсті бір күн бойы күткенін жаздық. Жолаушының сөзінше, олар 216 рейсімен Анталиядан сағат 12:20-да кешігіп ұшқан. Алайда бір сағат ұшып, кейін қайта кері қайтқан.