Футболдан Қазақстан кубогында «Қайсар» алғаш рет жеңілді

0
610

Ойын барысында атыраулық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.


Футболдан Қазақстан кубогында «Қайсар» алғаш рет жеңілді

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі төртінші турының алғашқы ойын күні өтті, деп жазады inform.kz.
А тобында Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында «Атырауды» қабылдады.

Ойын барысында атыраулық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде турнир кестесінде қос команданың ұпай саны теңесті. Олардың алты-алтыдан ұпайы бар.

Енді аталған топта 31 шілдеде Павлодар облысының «Ақсу» және Алматының «Қайрат» командалары өзара шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, В тобында «Қайсар» (Қызылорда) және «Каспий» (Ақтау) командалары кезедсті. Бұл ойында қызылордалық клуб қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Алғашқы үш турда ұпай жоғалтпаған «Қайсар» осылайша бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Бұл топтағы тағы бір кездесу 31 шілдеде «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақжайық» (Орал) арасында болады.

Айта кетсек, 30 шілдеде 19:00-де D тобында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тараз» командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 31 шілдеде 19:00-де D тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тұран» (Түркістан), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) және «Тобыл» (Қостанай) ойындары басталады.