Ирактағы 14 қазақстандық бала елге қайтарылды

0
936

Олардың аналары террористік әрекетке қатыстылығы үшін сотталып, қазіргі таңда сол елдегі түрмеде жазасын өтеп жатыр.


Ирактағы 14 қазақстандық бала елге қайтарылды

ERNUR.KZ. Биыл 27 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың аналары террористік әрекетке қатыстылығы үшін сотталып, қазіргі таңда сол елдегі түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Гуманитарлық акцияны балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыса отырып жүзеге асырды.

Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғалар мен ұйымдарға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышады.

Айта кетейік, осыдан тура 30 жыл бұрын БҰҰ-ның бала құқықтары туралы конвенциясына қол қойылды, ал ақпан айында біздің осы конвенцияны ратификациялағанымызға 25 жыл толды.