​Иран әуе кеңістігінің жабылуы: Air Astana рейстерінің маршруттары өзгерді

0
63

Әуе компаниясы жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыр.


​Иран әуе кеңістігінің жабылуы: Air Astana рейстерінің маршруттары өзгерді

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

ERNUR.KZ. Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттарын өзгерткенін хабарлайды, деп жазады inform.kz.

Атап айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады.

Әуе компаниясы жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыр.
Жолаушыларға рейстерге қатысты мәліметтерді алдын ала тексеру ұсынылады. Себебі ұшу кестесінде өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қосымша ақпарат алу және брондау үшін байланыс нөмірлері: +7 (727) 244 44 77, +7 702 702 44 77.
Рейстер кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда хабарласу үшін: +7 (727) 244 44 78.
WhatsApp арқылы да байланысуға болады: +7 702 702 00 74.