Іздеу жұмысы аяқталды: Маңғыстауда үрлемелі матрастағы үш қызды жел ағызып әкеткен

0
565

Қыздарды жедел-іздестіру шарасына түрлі бөлім қызметкерлері тартылды.


Іздеу жұмысы аяқталды: Маңғыстауда үрлемелі матрастағы үш қызды жел ағызып әкеткен

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында кеше кешкі уақытта үремелі матраста отырған үш қызды жел ашық теңізге алып кеткен. Облыстық ТЖД өкілдері қыздарды іздеу жұмыстары аятқталғанын мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 24 шілдеде болған. ТЖД өкілдері жедел-іздестіру шарасына түрлі бөлім қызметкерлері тартылғанын атап өтті.

«Ақтау қаласынан 51-ші шақырым қашықта ТЖД, ҰҚК ШҚ және ПД күштері үрлемелі матраспен ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстарына «Қазавиаспас» тікұшағы жұмылдырылды», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық ТЖД өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, жоғалып кеткен қыздар бүгін, яғни 25 шілдеде таңертең табылған.

«Бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында «Қазтеңізкөлікфлоты» компаниясына қарасты «Сұңқар» кемесінің экипажы жағалаудан 22 шақырым қашықтан теңізде бетіндегі үш қызды құтқарды. Олардың денсаулығы тұрақты, медициналық көмек көрсетілді. Бұл ретте департамент алдағы уақыта теңіз бетінде жел күшейетінін және белгісіз аумақтарда суға түсуге тыйым салынатыны туралы SMS-хабарламаны мерзімінен бұрын жіберді. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», - деп хабарлады ТЖД.