​«КамАЗ» көпірден құлап, 2 адам көз жұмды

0
1 170

Батыс Қазақстан облысында «КамАЗ» көлігінің көпірден құлауына байланысты тергеу жүргізілуде.


​«КамАЗ» көпірден құлап, 2 адам көз жұмды

ERNUR.KZ.Батыс Қазақстан облысында «КамАЗ» көлігінің көпірден құлауына байланысты тергеу жүргізілуде, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 шілде күні сағат 18.00 шамасында Зеленов ауданы Красноармейск ауылы тұсында болды. 1968 жылы туған С. «Юнисерв» ЖШС жүргізушісі Орал-Кирсанов тас жолының 52-шақырымында «КамАЗ» көлігінің руліне ие бола алмай, Ембулатовка өзеніндегі көпірден құлап кеткен. Соның салдарынан жүргізушіге қоса «Юнисерв» ЖШС жұмысшысы мен 1990 жылғы Ш. деген азамат оқиға орнында қаза болды.

Қазіргі кезде Приурал полиция бөлімі аталған оқиғаға орай, ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.