​Кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасқа түсуіне желідегі еркін қарым-қатынас туралы ақпарат себеп – Үкімет

0
189

Нұртөре Жүсіп премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында кәмелетке толмағандар арасында жүктіліктің көбеюі туралы мәселе көтерді.


​Кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасқа түсуіне желідегі еркін қарым-қатынас туралы ақпарат себеп – Үкімет
Фото: emhana5.kz.

ERNUR.KZ. Қыздарға қатысты зорлық-зомбылық пен ашық қарым-қатынастың әлеуметтік желіде кеңінен таралуы кәмелет жасқа толмағандардың ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуіне себеп дейді депутаттар. Үкімет отырысында осыған байланысты Нұртөре Жүсіптің депутаттық сауалына жауап берілді, деп жазады stan.kz.

Нұртөре Жүсіп премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында кәмелетке толмағандар арасында жүктіліктің көбеюі туралы мәселе көтерді. Ұлттық статистика бюросының деректерін келтірген сенатор соңғы бес жылда 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің туу көрсеткіші 1,5 есе өскенін айтты.

Премьер-министрдің айтуынша, кәмелетке толмағандардың ерте жыныстық қатынасқа түсуінің негізгі себептері:
Әлеуметтік желілерде ашық қарым-қатынасты ашық көрсетіп, ақпарат тарату;
Жасөспірімдердің жүктіліктің салдары туралы білімі жеткіліксіз;
Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер;
Қыздарға қатысты зорлық-зомбылық.
Депутаттық сауалға берілген жауапта премьер-министр Ұлттық статистика бюросының деректерін жоққа шығарып, Денсаулық сақтау министрлігінің көрсеткішін алға тартты. Оған сәйкес, соңғы үш жылда жасөспірімдер арасында ерте туу көрсеткіші тіпті 25%-ға төмендеген. Мұнда 15-17 жас аралығындағы қазақстандықтар жайлы айтылған. (Депутаттың өтінішіндегідей 15-18 жас емес). Сондай-ақ мың жасөспірімге шаққандағы ерте босану жағдайларының саны келтірілген:
2022 жылы – 3,84;
2023 жылы – 3,14;
2024 жылы – 2,88
Сонымен қатар премьер-министрдің жауабында Бас прокуратураның деректері келтірілген. Оған сәйкес, 2024 жылы сексуалдық сипаттағы 215 қылмыс (2023 жылы – 217 қылмыс) және кәмелетке толмағандарды зорлауға қатысты 99 қылмыс (2023 жылы – 106 оқиға) жасалған.