Тағы «Спутник V» екпесінің 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасалды.
ERNUR.KZ. Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қарағанды фармацевтикалық кешені ел азаматтарын вакциналау үшін «Спутник V» препаратының 5 млн дозасын жеткізу бойынша міндеттемесін уақытында орындады.
Сөйтіп коронавирусқа қарсы ресейлік ғылыми-зерттеу орталығының препаратын шығару және жеткізу бойынша жаңа міндеттеме алды.
ҚФК мен СҚ-Фармация арасында азаматтарды вакциналау үшін тағы «Спутник V» екпесінің 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасалды.
Шартты орындау мерзімі - 2021 жылғы тамыз-қыркүйек айлары.
Келісімшарт талаптары бастапқы кезеңдегідей (ҚР 5 млн дозамен қамтамасыз ету) толық көлемде сақталады.