Қазір өрт сөндірушілердің бар күші сонда жұмылдырылды.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Қарқаралы, Бұқар жырау, Осакаров аудандарында дала өртеніп жатыр, деп жазады «Хабар 24».
Қазір өрт сөндірушілердің бар күші сонда жұмылдырылды. Бұқар жырау ауданында бірден екі жерден өрт тұтанып, 150 гектар жерді қызыл жалын шарпыды. Оны сөндіруге 145 адам тартылды. Осакаров ауданында тұтанған тілсіз жау мың гектардан астап жерге жайылды. Ал Қарқаралы ауданында өрт 250 гектар жерге тараған. Қазір жерді жыртып, өрттің таралуын болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алапат өртті сөндіруге облыстан МИ-8 көпфункционалды тікұшағы тартылған.
"250 га жер өртеніп кетті. Кешеден бері жергілікті азаматтардың және облыстық ТЖД мамандарының арнайы қызметкерлері көмегімен жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 212 адам жұмысқа тартылды, 59 техника жұмылдырылды. Дәл қазір негізгі өрт сөндірілді деуге болады, бірақ әлі де қоздапр жатқан бір екі ошақ бар. Соларды сөндіру жұммыстарынмен айналысып жатырмыз." - деді, Қарқаралы ауданының әкімі, Ерлан Құсайын.