Қарағанды облысында бесінші қабатқа атпен шыққан жергілікті тұрғын жазаға тартылатын болды

0
545

Полицейлер шабандозды тапты: ол Қарағанды ​​облысы Ақтоғай ауданы Шашубай ауылының тұрғыны болып шықты.


Қарағанды облысында бесінші қабатқа атпен шыққан жергілікті тұрғын жазаға тартылатын болды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында тұрғын үйдің бесінші қабатына жаяу емес, атпен шығуды жөн көрген 51 жастағы ер адам бұл қылығы үшін айыппұл төлеуі мүмкін, деп жазады zakon.kz.

Оның видеосы Telegram арналарының бірінде жарияланды.



Полицейлер шабандозды тапты: ол Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай ауылының тұрғыны болып шықты.

«Ер адамның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.Ол 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін. "Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі