Қарағанды облысында бір тәулік ішінде 9 дала өрті сөндірілді

0
975

Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау саласының қызметкерлері мен еріктілер жалпы саны 250-ден астам адам күресті.


Қарағанды облысында бір тәулік ішінде 9 дала өрті сөндірілді

ERNUR.KZ. Кейбір жерлерде қызыл жалын шарпыған аумақ көлемі 50 гектарға дейін жетті, деп жазады «Хабар 24».

Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау саласының қызметкерлері мен еріктілер жалпы саны 250-ден астам адам күресті. Соның арқасында от дер кезінде сөндіріліп, ауыл шаруашылығы алқаптарына өтпеді. Айта кету керек, биыл облыста 265 дала өрті дерегі тіркелген. Жалпы аумағы 8 мың гектарға жуықтайды.

– Өткен жылмен салыстырғанда биыл дала өрті үш есеге көп. Ал олардың негізгі себебі – шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау. Яғни тракторлар ұшқынды баспайды. Оған қоса найзағай мен аптап ыстық тағы бар. Ал кей жағдайда жердегі әйнек сынықтары да шөптің тұтануына сеп болып жатады, - дейді облыстық ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы Қайрат Қапизов.