Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан 4 адам қаза болды

0
683

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан 4 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Өткен тәулікте Қарағанды облысы жолдарында үш жол-көлік оқиғасы тіркеліп, төрт адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

13 тамыз күні түнгі сағат 01:30 шамасында “Ақсу – Аюлы – Ағадыр” тас жолында Ағадыр кентінен 30 шақырым жерде 20 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Сол күні сағат 13:10-да “Қарағанды – Балқаш” тас жолында 42 жастағы Багем автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, 63 жастағы азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігімен соқтығысқан. Екі автокөліктің жүргізушілері әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, Lexus жүргізушісі сол жерде қайтыс болды.

Сағат 20:11-де “Ялта – Құлайғыр” тас жолында 64 жастағы Toyоta Previa автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай, 39 жастағы азаматтың басқаруындағы Lada Priora автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан 49 жастағы Lada Priora автокөлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Lada Priora автокөлігінің үш жолаушысы, Toyota Previa автокөлігінің жүргізушісі мен бес жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.