Қарағанды облысында болған жол көлік апатынан жеті бала зардап шекті

0
490

28 маусым күні Нұра ауылының маңындағы Жараспай-Нұра тас жолында Honda Odyssey мен Volkswagen Golf автокөліктері соқтығысты.


Қарағанды облысында болған жол көлік апатынан жеті бала зардап шекті

ERNUR.KZ. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші көз жұмып, балалар аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, деп жазады exk.kz.

Көлік апатының салдары бейнеленген суреттер мен видеолар Instagram-да жарияланды.

Полицияның мәліметінше, жүргізушілердің бірі қарсы бетке шығып кетіп, екіншісімен соқтығысқан.

"58 жастағы Honda автокөлігінің жүргізушісі Нұра кентінен төрт шақырым жерде рөлді басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 25 жастағы ер адам басқарған Volkswagen көлігімен соқтығысты. Honda-ның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, Volkswagen көлігін басқарған ер адам ауруханада қайтыс болды. Volkswagen Golf маркалы автокөлікте 37 және 33 жастағы ерлі-зайыптылар, олардың 11, 8, 7, 6, 5, 3 ал 2 жастағы балалары мен әйелдің 19 жастағы інісі медициналық мекемеге жеткізілді",- делінген хабарламада.