Қарағанды облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына медаль табысталды

0
218

Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты.


Қарағанды облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына медаль табысталды

фото: Қарағанды облысының әкімдігі

ERNUR.KZ. Президент жарлығымен құтқарушы Хали Хайрат қайтыс болғаннан кейін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Мемлекет басшысының атынан марапатты қаза тапқан өрт сөндірушінің туған-туыстарына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыс етті, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгін біз өз өмірін басқа адамдарды құтқару үшін құрбан еткен батырды еске алуға жиналдық. Біз оның ерлігін ұмытпаймыз", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Мемлекеттік награданы табыс ету рәсіміне өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері қатысты. Марқұмның ерлігі олар үшін қызметке деген адалдықтың үлгісі болады.

"Ел президентіне біздің батыр әріптесімізді марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетті, оның жанқиярлың еңбегінің арқасында бірнеше жан өоім аузынан арашалынып қалды. Ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады", – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Еске салсақ, Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты. № 24 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат көз жұмды. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.