Қарағанды облысында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам көз жұмды

0
807

Алдын ала мәлімет бойынша микроавтобус жүргізушісі рөлде отырып ұйықтап кеткен.


Қарағанды облысында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам көз жұмды, тоғыз адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.

16 шілде сағат 3.20-да Алматы-Екатеринбург тас жолында "MAN жүк көлігі мен "Mercedes Sprinter" жолаушылар микроавтобусы соқтығысты. Автобус ішінде 17 адам отырған.
Жеті адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда жедел жәрде ішінде қайтыс болды. Тоғыз адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
"Тиісті сараптамалар белгіленді. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.