Қазіргі кезде тергеу жұмысы жалғасып жатыр.
ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың еміне бөлінген қаржыны жымқыру дерегін анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Агенттіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Qamqor» жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қылмыстық схемасы бойынша іс тергеліп жатыр.
«Тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 млн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға 1,5 миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген.
«Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды”, - делінген хабарламада.